Этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне арналған «Медиация. Жалпы курс» және «Мамандандырылған курс. Этносаралық саладағы дауларды реттеу бойынша медиация (Этномедиация)» бағдарламалары бойынша тренингтер
Өткізу мерзімі: 28.07 – 01.08.2025 және 02.08 – 07.08.2025
2025 жылғы 28 шілде — 2 тамыз аралығында Ақтау қаласында жалпы медиация және этномедиация бойынша мамандандырылған курс шеңберінде кешенді тренинг өтті. Он күн бойы қатысушылар қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және тиімді диалог жүргізу дағдыларын меңгерді.
Оқыту Маңғыстау облыстық АНК жанындағы Этномедиация кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, білім беру жүйесі мен құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерінен тұратын 15 қатысушыны біріктірді.
Бағдарлама аясында тыңдаушылар оқытудың екі кезеңінен де өтіп, медиацияның жалпы қағидаттарын тереңдетіп қана қоймай, этносаралық коммуникацияның ерекшеліктеріне назар аудару мүмкіндігіне ие болды.
«Этносаралық саладағы даулардың алдын алу және оларды реттеу бойынша медиация (Этномедиация)» мамандандырылған курсы 5 модульден тұрды: этномедиация сессияларын жүргізу технологиясы мен этносаралық қақтығыстарды талдаудан бастап, этносаясат негіздерін зерттеу және көпжақты келіссөздер жүргізуге дейін. Қатысушылар оқу барысында кейстермен жұмыс жасап, рөлдік ойындар өткізіп, фасилитациялық сессияларға қатысты.
Этномедиация — этносаралық қақтығыстардың алдын алу жүйесіндегі маңызды қоғамдық және институционалдық тетік. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік орталықтары мен этномедиация кеңестері арқылы белсенді жүзеге асады. Мұндай тренингтер тұрақты мінез-құлық модельдерін қалыптастыруға, конструктивті диалог жүргізу дағдыларын дамытуға және сенім мен қоғамдық келісімді нығайтуға мүмкіндік береді.