Қандай тренингтер өткізіледі? Оқу қанша уақыт алады?
Жалпы медиация курсы 50 академиялық сағаттан тұрады және Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама кәсіби медиаторлар даярлауға арналған нормативтік талаптарға сай әзірленген. Біз кәсіби медиаторлар үшін 50 сағаттық арнайы курсты да ұсынамыз.
Сонымен қатар, біз медиацияның әртүрлі бағыттары бойынша курстар өткіземіз: отбасылық, банктік, коммерциялық даулар, еңбек қақтығыстарын шешу және т.б. Әр курс мазмұны мен мақсатына қарай жеке әзірленеді.
Біз сондай-ақ келісім комиссияларына арналған арнайы курстар ұсынамыз, олар ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сай жасалып, дауларды тиімді шешудің құралы ретінде медиация элементтерін қамтиды.