Магистранттар медиация бойынша маманданды
Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің «Мемлекеттік саясат» (МРР) білім беру бағдарламасының магистранттары «Медиация және конфликт-менеджмент» электив пәнін сәтті аяқтап, «Кәсіби медиатор» ретінде маманданғанын растайтын арнайы сертификаттар алды.

Мұндай сертификациялық курс Академияның магистрлік бғдарламалары аясында биылғы оқу жылынан бастап ПИЛОТТЫҚ НЕГІЗДЕ оқытылды. Сондай-ақ аталған курстың негізінде алғаш рет медиацияның жаңа бағыты – Мемлекеттік басқару саласындағы медиация қалыптасты.

🔹Курсты кәсіби медиатор, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының консультанты Раһимзаде Инара ханым жүргізді. Курстың негізгі әрі тұрақты серіктесі – еліміздегі медиация институтын дамытуға жауапты негізгі субъектілердің бірі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы.

🔹Сертификация талаптарына сәйкес «Парасат» медиация және құқық орталығы (Алматы қаласы) серіктес ретінде тартылып, аталған ұйымның жетекшісі, кәсіби медиатор, т.ғ.к. Урозбаева Гульмайдан Аманжоловна арнайы іссапармен келіп, тренинг жүргізді.

🔹Курстың мазмұны «Парасат» орталығымен бірлесіп әзірленді. Негізгі фокус мемлекеттік басқару саласына жасалды, арнайы әдістемелік материалдар дайындалды.
24.10.2025

Өтінім қалдыру
Біз сізге жақын арада хабарласамыз!
Байланыс
+7 777 397 1127
+7 705 984 1559
info@mediationparasat.kz
Алматы, Курмангазы 48А, 6 кеңсе
Made on
Tilda